Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізеді

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кәсіпқой бокста дебют жасайды. Оның қарсыласы мен жекпе-жек күні анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

All Stars Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, Қуат Хамитов 28 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – тағы бір қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов. Екі спортшы да алғаш рет бокс ережесі бойынша кездесу өткізбек.

Бокс кешінің басты оқиғасы Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек болады.

Еске салайық, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.

Осылайша, Хамитов MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар. Бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2149890-quat-hamitov-algash-ret-kasipqoi-boksta-zhekpe-zhek-otkizedi/