UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, америкалық файтер Белал Мухаммед қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арналған видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Белал Мухаммед видеоны X желісіндегі ресми парақшасына жариялап, "Кеш жауап бергенім үшін кешірім сұраймын, мен студияда болдым", - деп әзілдеп жазды.
Видеодағы әуеннің аудармасы:
18 жеңіс, бәрі уақытынан бұрын аяқталған, бірақ бәсекелестік сондай әлсіз,
Бұл ДиСимен бірге-бір баскетбол ойнау сияқты.
Оның мысы бар дейді және оның жанкүйерлері оны қолдайды
Бірақ олар (жанкүйерлер) тіпті жазуды білмейтіні өкінішті.
Сондықтан олар пікірге тек тудың эмоджиін қалдырады
Шавкат өзін тәжірибелі мерген санайды, рейтингте көтерілді
Бірақ Манчестерде Леонды жеңген соң мен дивизионды тазаладым
Лаура Санко (комментатор) Шавкатты "cымбатты" деп айтты
UFC продюсерлері Лаураны солай айтуға мәжбүрледі
Ол сахна сыртында Шавкатты ұсқынсыз деп атайды
Шавкат бесінші сыныпта оқитын бала сияқты
Ол Лаураның көзіне тіке қарап:
"Егер жекпе-жекте жеңіске жетіп, бонус алсам,
Кешке жылқы етінен жасалған стейк жейміз", - деп айтты.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Ал Белал Мухаммедтің рекорды – 24-3.
Белал Мухаммед биыл 7 желтоқсанда чемпиондық атағын қорғайтынын мәлімдеген еді. Шавкат чемпионмен титулдық жекпе-жекке шығуға өзін лайық санайтынын айтты. Белал да отандасы Камару Усманнан гөрі Рахмоновпен жұдырықтасуды жөн көретінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2156931-shavkat-besinshi-synyptagy-bala-siiaqty-ufc-chempiony-qazaq-zhauyngerine-an-tartu-etti-video/