Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) UFC-дің орта салмақтағы чемпионы америкалық Белал Мухаммадтың (24-3) пікіріне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қазақстандық файтердің Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, америкалық файтер Белал Мухаммед қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арналған видео жариялаған болатын. Ал бұған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жауап берді.
"Сенен бұрын 18 қарсылас менімен күш сынасып көрді, бірақ мен олардың бәрін жеңдім. Ал сен 18 жекпе-жекте тек 3 қарсыласыңды құлата алдың. UFC-дің чемпиондық белбеуі саған ерекше қабілеттер бермейді, бауырым. Ол тек сені есіңнен адастырған", - деп Шавкат Рахмнов өз пікірін білдірді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.
Белал Мухаммад 27 шілдеде өткен жекпе-жекте Леон Эдвардсты (22-4) төрешілердің шешімімен жеңіп, оның жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін тартып алды.
Шавкат Рахмонов жыл соңына дейін Белал Мухаммадпен кездесу өткізгісі келетінін жиі айтып жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2156946-shavkat-rahmonov-ozine-an-arnagan-ufc-chempionyna-zhauap-berdi/