Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына түсуге ниетті

Жарияланған күні:

Конор Макгрегор
Конор Макгрегор. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC/Zuffa LLC via Getty Images

Әйгілі ирландиялық файтер, UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылы президент сайлауына түсетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Конордың Х желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дублинде туып-өскен аралас жекпе-жек шебері Ирландия президенті атанған жағдайда не істейтінін алға тартты.

"Президент ретінде төменгі палатаны шақыру және оны тарату құқыға ие боламын. Бұған дейін айтқанымдай, еңбек етушілердің нәпақасын жеген ұрылардан, отбасылық құндылықтарды жоюшылардан, шағын бизнесті құртушылардан Ирландия халқының сауалдарына толық жауап алғым келеді.

Әйтпесе төменгі палатаны таратудан басқа амалым қалмайды. Бұл президент ретінде менің билігім болушы еді. Ирландияға халық үшін ғана жұмыс істейтін президент керек және ол адам мен. Ақылға қонымды үміткер мен ғана. 2025 жыл жақындап қалды", - деді Конор Макгрегор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2158290-konor-makgregor-irlandiia-prezidenti-bolgysy-keletinin-malimdedi/