Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жою үшін келдім": Жалғас Жұмағұлов мансабына қатысты тосын мәлімдеме жасады (видео)

Жарияланған күні:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Chris Unger/Contributor/Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов өзінің мансабын Оktagon промоушенінде жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында Oktagon промоушеніне ауысқанын мәлімдейтін видео жариялады.

"Сәлем, Oktagon! Мен Жалғас Жұмағұлов және бәрін жою үшін келдім", - деді ол Х желісіндегі ресми парақшасында.

Жалғас Жұмағұлов осыған дейін UFC промоушенінде өнер көрсетті. Қазақстандық файтер бұл промоушенде 7 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы рет осы жылдың 24 ақпанында Алматыда өткен Naiza FC 57 турнирінде жекпе-жек өткізіп, америкалық Кливленд Маклинді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2162715-zhoiu-ushin-keldim-zhalgas-zhumagulov-basqa-promoushenge-auysqanyn-malimdedi/