Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық файтер UFC промоушенінің жауынгері атануы мүмкін

Жарияланған күні:

Дияр Нұрғожай
Дияр Нұрғожай. Фото: Eagle FC

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Dana White Contender Series турнирінің жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tobet Top Team спорт клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың жекпе-жегі 1 қазаннан 2 қазанға қараған түні Лас-Вегастағы Dana White Contender Series турнирінде өтеді. Дияр Нұрғожайдың қарсыласы польшалық спортшы Бартош Шевчук болмақ.

Салмақ өлшеу кезінде Дияр Нұрғожай мен оның қарсыласы Бартош Шевчук жартылай ауыр салмақтағы 93,44 кг шекті бағындырды.

Салмақ өлшеуден кейін жауынгерлер көз түйістіру рәсімін өткізді.

Айта кетейік, 27 жастағы Дияр Нұрғожайдың қазіргі кәсіби рекорды 9-0. 2022 жылы ол Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC MMA лигасында абсолютті чемпионы дәрежесіне жеткен бірінші қазақстандық спортшы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2168070-tagy-bir-qazaqstandyq-faiter-ufc-promoushenining-zhauyngeri-atanuy-mumkin/