Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер қарсыласын нокаутқа түсіріп, UFC-мен келісімшартқа отырды (видео)

Жарияланған күні:

Дияр Нұрғожайдың командасы
Дияр Нұрғожайдың командасы. Фото: instagram.com/nurgozhay_diyar/

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) Dana White’s Contender Series турнирінде бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 2 қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-мен келісімшартқа отыруға мүмкіндік беретін Dana White’s Contender Series турнирінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

Қазақстандық файтер польшалық Бартош Шевчикпен (8-3-1) кездесіп, мерзімінен бұрын жеңді. Екінші раундта Дияр Нұрғожай қарсыласына қуатты хайкик жасап, содан кейін партерде бірнеше соққымен ұрып, ақырында төрешіні жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, осы жеңісінің арқасында Дияр Нұрғожай жеңіс сериясын одан әрі жалғастырып, әлемдегі ең мықты ММА ұйымы UFC-мен келісімшартқа отыруға қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандық спортшы Alash Pride, Eagle FC және UAE Warriors промоушендерінде өнер көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2168475-qazaqstandyq-faiter-qarsylasyn-nokautqa-tusirip-ufc-men-kelisimshartqa-otyrdy-video/