Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Шавкат Рахмонов чемпион атағын сарапқа салатын болды

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеді.

"Белал Мухаммад соңғы алты жылда қатарынан 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, осы жолы ол алғаш рет чемпиондық атағын қорғамақ. Оның басты қаруы – жоғары деңгейдегі күресі.

Шавкат Рахмонов мансабында бірде-бір рет жеңіліс таппаған. Ол 18 жекпе-жегінің бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған, оның жартысын алғашқы раундта жеңген. Шавкат Рахмоновтың тейкдаундарға қарсы тұру қабілеті мықты және ол жекпе-жектерінде қарсыласына көп мүмкіндік бермейді.

Бұл кездесуде екі түрлі жекпе-жек стилі бір-біріне қарсы тұрмақ. Белал өзінің чемпиондық атағын қорғай ала ма, әлде Қазақстан тарихындағы алғашқы UFC чемпионын көреміз бе?" - деді Дана Уайт.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы алты жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет ол 2022 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Ал Белал Мухаммад шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2173498-resmi-shavkat-rahmonov-chempion-atagyn-sarapqa-salatyn-boldy/