Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірік чемпион": UFC чемпионы Шавкат Рахмоновтың қарсыласын менсінбеді

Жарияланған күні:

Белал Мухаммад
Белал Мухаммад. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия Белал Мухаммадты өтірік чемпион деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Грузин текті испаниялық файтер Илия Топурияның айтуынша, қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадты жеңеді. Ал осы салмақтағы бұрынғы чемпион Камару Усман қайта келіп, титулды өзіне қайтарып алады.

"Шавкат немесе Белал? Әрине, Шавкат. Белал – нағыз чемпион емес. Ол өтірік чемпион. Ал жартылай орта салмақта титулды Камару Усман өзіне қайтарып алады. Бұл Усман үшін оңай жұмыс", - деді Илия Топурия Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде отырған сәтінде.

Айта кетейік, 12 қазанда UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2173842-otirik-chempion-ufc-chempiony-shavkat-rahmonovtyng-qarsylasyn-mensinbedi/