Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз терминатор": шетелдік сарапшылар Шавкат Рахмоновқа ерекше баға берді

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

YouTube желісіндегі Fight Sport Talk арнасының авторы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Белал Мухаммад файтер Леон Эдвардспен жекпе-жекте ерекше қырынан көрінді, бірақ Леон тым сақ төбелесіп, көп соққы жасамады. Белал, керісінше, қарқынды арттырып, қысым көрсетті. Алайда Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жек мүлдем басқаша болады, өйткені ол өте қауіпті. Бұл жігіт төбелес кезінде нағыз "Терминатор". Ол төбелесті ерекше жақсы көреді. Шавкат кез келген уақытта өз "зымырандарын" іске қосуға дайын, - делінген YouTube желісіндегі Fight Sport Talk арнасында.

Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2174329-nagyz-terminator-sheteldik-sport-arnasy-shavkat-rahmonovqa-erekshe-baga-berdi/