Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек файтері Шавкаттың чемпиондық жекпе-жекте жеңіліп қалатынына сенімді

Жарияланған күні:

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

Өзбекстандық файтер, UFC-дің бұрынғы жауынгері Саид Йокуб Кахромонов Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасында болатын чемпиондық жекпе-жекке қатысты өз пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Саидтың Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

12, қазанда UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеген еді.

Кахромонов Белалдың Шавкатты қиындықсыз жеңетінін мәлімдеді.

"Допингке тойып алған бір топ хейтер микрофон айналасына жиналып алып, аузына келгенін оттап отыр. Белал мен көрген ең еңбекқор адам. Ол Шавкатты сөзсіз жеңеді", - деді өзбек файтері X желісіндегі ресми парақшасында.

Еске салайық, UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия Белал Мухаммадты өтірік чемпион деп атаған еді. Грузин текті испаниялық файтер Илия Топурияның айтуынша, қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадты жеңеді. Ал осы салмақтағы бұрынғы чемпион Камару Усман қайта келіп, титулды өзіне қайтарып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2174381-ozbek-faiteri-shavkattyng-chempiondyq-zhekpe-zhekte-zhengilip-qalatynyna-senimdi/