Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аса сенбеймін": Шавкат Рахмонов еліміздегі медицинаға көңілі толмайтынын жеткізді

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов елдегі спорттық медицинаның деңгейі жоғары емес екенін мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шавкат Рахмонов кәсіби мансабын тоқтату туралы ойға әкелген кездер болғанын айтты. Сондай-ақ ол елдегі спорттық медицинаға көңілі толмайтынын жеткізді.

"Кәсіби мансабымды тоқтату туралы ой әрдайым болады (күледі). Әртүрлі ойлар келеді. Жарақат алғанда алаңдайсың. Маған кәсіби дәрігерлермен жұмыс істеген ұнайды, олар дұрыс диагноз қойып, нақты кеңестер береді. Кейде кімге барып қалғаныңды білмей, олар сені қатты қорқытып, мансабыңды аяқтаймын деп ойлайсың. Әрдайым жақсы дәрігерлерді тауып, дұрыс диагноз бен ем тағайындаған жөн. "Қорқытатын" дәрігерлер көп. Шынын айтсам, еліміздегі медицинаға аса сенбеймін. Қызмет көрсету деңгейі төмен екенін мойындау керек", - деді Шавкат Рахмонов YouTube желісіндегі "Вестник ММА" арнасына берген сұқбатында.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2174571-asa-senbeimin-shavkat-rahmonov-elimizdegi-meditsinaga-kongili-tolmaitynyn-zhetkizdi/