Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздік 10 файтердің қатарына енді

Жарияланған күні:

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушенінің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде үздік 10 файтердің қатарына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 қазанда қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (20-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық файтер Матеус Николауды жеңген болатын.

Осы жеңісінің арқасында UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте 14-орында тұрған Асу Алмабаев 7-орынға көтерілді.

Ал қарсыласы Матеус Николау 3 сатыға төмендеп, 10-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2177199-resmi-asu-almabaev-ufc-reitinginde-uzdik-10-faiterding-qataryna-endi/