Аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай Nomad Fighting турнирі аясындағы жекпе-жегінен кейін дүниеден озған інісі жайлы айтып, көзіне жас алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазақ терминаторы" лақапатымен танымал Мұратбек Қасымбай мен "Тандовский" лақапатымен көпшілікке белгілі ресейлік Иса Исаев чемпиондық жекпе-жекте сынға түсті. Бес раундқа созылған жекпе-жекте Иса Исаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
"Ешқандай сылтау айтқым келмейді. Ұйымдастырушылар бұл жарысқа менің физикалық тұрғыдан дайын болсам да, эмоционалды тұрғыдан дайын емес екенімді білетін. Себебі 3 қарашада менің кіші інім көз жұмды. Сондықтан мен бұл жекпе-жекке дайындалу барысында эмоционалды қиындықты бастан кешірдім.
Жаныма жақын жаннан айырылдым. Бұл жеңісімді оған арнағым келген. Өкінішке қарай, бұл жекпе-жекте қарсыласым мықты болды. Алдияр бауырым, жатқан жерің жайлы болсын. Бұл жеңісті саған арнағым келді", - деп көзіне жас алды Мұратбек Қасымбай.
Еске сала кетейік, дәл осы Nomad Fighting турнирі аясында Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевті бірінші раундтың бірінші минутында нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2194662-zhengisimdi-arnagym-keldi-muratbek-qasymbai-dunieden-ozgan-inisi-turaly-aityp-kozine-zhas-aldy-video/