Отандық танымал спортшы Ардақ Назаров желідегі парақшасында інісі Бейбіт Назаровтың бір кездері қатты ауырып, соның қайғысымен өзінің де ауырып қалғанын жазып, оқырмандарымен өткен күндегі естелігімен бөлісті.
"2002 жыл! Қара күз өзінің суығымен бірге сынағын да қоса ала келгендей. Ата-анамның көз жасының көл болуына да себеп бар. Өйткені қос құлынымен бірге өздеріне келген қонағын(ауру) сабырмен қарсы алуда. "Бейбіттің аяғын кесеміз сүйегіне дейін іріңдеп кеткен"- дейді дəрігер. Ота жасаймыз нəтижесі содан кейін белгілі болады"
Осы нəрсе мағанда əсер етті ме білмеймін, мен де бір жарым жыл ауырып қалдым. Биік мақсаттар, жоспарлар бəрі жәйына қалды. (Нəтижесінде ота сəтті жасалды)",- дейді ол.
Спортшы бауырының төсек тартып қалуы ата-анасын он жылға қартайтып жіберді дейді.
Тағы оқыңыздар: Танымал тележүргізуші қызының бесік тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)
"Еуразияның екі дүркін чемпионы үлкен баласы және Джиу-джицудан Қазақстанның жасөспірімдер арасында екі дүркін чемпионы кіші баласының осындай сынаққа душар болғаны жаны нəзік ата-анамызды он жылға қартайтқандай. Əр қиындықтың артында екі жақсылық бар дейді. Бұл ұлы да, мейірімді, кешірімді Алла Тағаланың уəдесі...
Бейбіт екеуіміз бір жарым жылда өзімізге келдік, ісімізді ары қарай жалғастырдық. Алланың сəттілігімен кезек-кезек жеңістер қоржынымызға байланды. 2004 жақсылығымен есігін айқара ашты. Қиындық артта қалды. Тек қана алға. Сенде бəрі жақсы болады бауырым. (Суретте Бейбіт екеуміз 2002 жыл қазан айы ауруханада)", - деп жазған ол желідегі парақшасында.
Ардақтың жазбасын оқыған Instagram қолданушылары сүйікті батырларының оқиғасын естіп көздеріне жас алғандарын айтып, бұдан кейін мұндай сынақтардың болмауын тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1600075-ardaq-nazarov-tughan-inisi-beybittinh/