Тарихта және қазіргі уақытты қоса алғанда ең көп жалақы алатын спортшылардың тізімі жарияланды деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportrico спорт басылымының жазуынша, тізімдегі әрбір спортшының табысы жалақы, ақшалай сыйлық, жарнамалық келісім-шарттар, авторлық сыйақы және т.б. жиынтығымен есептелген.
Бұл тізімге сегіз спорт түрі бойынша спортшылар кіреді, олардың барлығының табысы қосқанда, 25,5 миллиард долларды құрады.
Рейтингте "Чикаго Буллздың" бұрынғы ойыншысы – әйгілі америкалық баскетболшы Майкл Джордан көш бастады.
Топ-1
Майкл Джордан (баскетбол) – 2,62 млрд доллар;
Тайгер Вудс (гольф) – 2,1 млрд доллар;
Арнольд Палмер (гольф) – 1,5 млрд доллар;
Джек Никлаус (гольф) – 1,38 млрд доллар;
Криштиану Роналду (футбол) – 1,24 млрд доллар;
Флойд Мейвезер (бокс) – 1,2 млрд доллар;
Леброн Джеймс (баскетбол) – 1,17 млрд доллар;
Лионель Месси (футбол) – 1,14 млрд доллар;
Михаэль Шумахер (автогонки) – 1,13 млрд доллар;
Роджер Федерер (теннис) – 1,12 млрд доллар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1940757-alemdegi-en-bai-sportsynyn-esimi-belgili-boldy/