Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық шахматшы блиц және рапидтен әлем чемпионатының (FIDE World Rapid and Blitz 2021) аясында өткен блиц турнирінде үздік атанды.
Турнир басталған сәттен-ақ Бибісара бәсекелестерінен озық тұрды.
"Бұл - отандық спортта тарихи оқиға, өйткені біздің шахматшы қыз әлемдік шахмат тарихында ең жас әлем чемпионы болып отыр", - делінген федерацияның Facebook парақшасында.
Бұдан бұрын қазақстандық спортшы классикалық шахматтан 8, 10, 12, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, ол 7, 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында жеңімпаз болды.
Еске сала кетейік, осы чемпионат аясында Асаубаеваның рапид бойынша өнер көрсетіп, екінші орынды иеленгенін хабарлаған болатынбыз.
Қорытынды кестеде ресейлік Александра Костенюк рапидтен бірінші, ал блиц бойынша екінші орынға, ал оның отандасы Валентина Гунини үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, шахматтан рапид және блиц чемпионаты осы ойынның жанкүйерлері арасында ең айтулы жарыс. Кең көлемді іс-шараға әлемнің 50 елінен 200-ден астам спортшы қатысқан, оның қатарында әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, ұлттық деңгейдегі жеңімпаз шахматшылар болған.
Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1949440-bul-otandyq-sportta-tarixi-oqiga-bibisara-asaubaeva-saxmattan-en-zas-alem-cempion-atandy/