Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада күнделігі: Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымыз қалай өнер көрсетті

Жарияланған күні:

Бейжің олимпиадасы
Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжің Олимпиадасында кейбір спорт түрлері бойынша жарыстардың басталып кеткені белгілі. Олардың қатарында фристайл-могул бар. Бүгін ел намысын қорғаған бірнеше атлетіміз төрт жылдықтың ірі додасында бақтарын сынап көрді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейжіңнен екі жүз шақырымдай жерде орналасқан Чжанцзякоуда бүгін могулшылар жарыс жолына шықты.

Өкінішке қарай, алғашқы кезеңде ешбір спортшымыз финалға өте алған жоқ.

  • Әйелдер арасындағы іріктеу сынында қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Аяулым Әміренова тіркеді. Ол 66.82 ұпаймен 16-орында. Олеся Граур 57.18 ұпаймен 23-ші орынға тұрақтады. Ал әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городко жарыс жолынан шығып кетіп, турнирді аяқтамады.
  • Ал ерлер арасында ел намысын Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаковтың қорғағаны белгілі. Алғашқысы 75.43 ұпаймен іріктеуде 12-ші орын алса, Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-ші сатыны қанағат тұтты.

Әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңі 6 ақпанда, ерлер арасындағы дода 5 ақпанда өтеді. Үздік ондыққа кірген спортшы финалға жолдама алады.

Айта кетейік, бүгін Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері Юлия Галышева жарыс жолына шыға алған жоқ. Кейінірек Ұлттық Олимпиада комитеті бұның себебін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954513-olimpiada-kundeligi-bugin-zarys-zolyna-syqqan-sportsylarymyz-qalai-oner-korsetti/