Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы жағында күшім жетпеді": Бейжің финалына шыққан Әділ Ғалиахметов мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен 1500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының финалына шығып, сегізінші орынға ие болған Әділ Ғалиахметов нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Финалға шыққаныма қуандым. Себебі бірінші Олимпиада үшін жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Соңғы жағында күшім жетпей қалды. Келесі Олимпиадаға дейін дайындығымды шыңдап, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге тырысамын", - деп ағынан жарылды Әділ Ғалиахметов.

Шорт трекші финалға өткен уақытта қандай сезімде болғанын және ақтық мәредегі атақты қарсыластары туралы айтып берді

"Кейбір қарсыластарымды кішкентай кезімнен теледидардан көріп өстім. Ресейлік Семен Елистратовпен бірге жаттықтым. Ол менің кумирім болды. Олармен бірге жарысамын деп ойлаған жоқпын. Қарсыластардың барлығы да тәжірбиелі", - деді отандасымыз.

Әділ Ғалиахметов соңғы уақытта қазақстандық шорт трекшілердің финалға шығып жүруі тікелей бапкерлердің еңбегі екенін атап өтті.

"Бзді қолдап, демеп, білгенін үйретіп жүрген Мәдіғали (ред. Мәдіғали Қарсыбеков - шорт тректен бас бапкер) ағайға рақмет.

Екіншіден, коньки дұрыс киюді үйреткен Аслан Даумовқа алғысым шексіз. Дәрігер Олжасқа рақметімді білдіремін. Психологқа да рақмет", - деді Бейжің Олимпиадасының финалисті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955407-songy-zagynda-kusim-zetpedi-beizin-finalyna-syqqan-adil-galiaxmetov-malimdeme-zasady/