Бүгін, 11 ақпанда Бейжің Олимпиадасында сегіз спортшымыз бағын сынайды. Олардың қатарында қысқы ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиев бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де шаңғышыларымыз жарыс жолына шығады. 15 шақырым қашықтықта ел намысын Виталий Пухкало, Евгений Величко қорғамақ.
15:00-де биатлоннан әйелдер арасында 7,5 шақырымнан тұратын спринт басталмақ. Финалдық бәсекеде Галина Вишневская-Шепоренко сынға түседі.
17:00-де Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиев өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Шорт трекші 1000 метр қашықтықта бағын сынайды. Абзалдан бөлек, іріктеу кезеңдеріне Денис Никиша мен Бейжің Олимпиадасының финалисі Әділ Ғалиахметов қатысады.
Сонымен қатар, 17:00-де шорт тректен әйелдер арасында ел намысын қорғайтын Ольга Тихонова да ширек финалда бағын сынамақ. Ол 1000 метрде жарысады.
17:00-де трамплиннен секіруден ел намысын қорғайтын Сергей Ткаченко мен Данил Васильев іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955611-tu-koterip-syqqan-abzal-bar-bugin-beizinde-el-namysyn-kimder-qorgaidy/