Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іркілмей өттім": Ширек финалға шыққан Абзал Әжіғалиев қазақстандықтарды жанкүйер болуға шақырды

Жарияланған күні:

Абзал
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен ел намысын қорғап жатқан Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының ширек финалына шықты. Ол іріктеу кезеңі туралы айтып, шағын сұхбат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен Олимпиадада тек қана 500 метрде бақ сынаймын. Бұған дейін барлық спортшылар өз қашықтықтары бойынша жарысқа қатысып, мұз айдынын сезініп үлгерді. Ал мен 4 ақпаннан бері өз кезегімді күттім. Бүгінгі іріктеуден іркілмей өтіп, ширек финалға жолдама алдым. Енді алдағы сайыстарда маған сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Абзал Әжіғалиев.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев 1992 жылдың 30 маусым күні Орал қаласында дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2011 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Азия ойындарында командалық сында 5000 метрлік қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

2016 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды. Сонымен қатар 5 шақырымдық эстафетада қола жүлде жеңіп алды.

2017 жылы Алматы қаласында өткен дүниежүзілік қысқы Универсиадада 500 метр қашықтықта күміс медаль алды. Ал 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Қазіргі уақытта халықаралық конькишілер одағының рейтингінде Абзал Әжғалиев 500 метрге жарысатын спортшылар арасында 3 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955766-irkilmei-ottim-sirek-finalga-syqqan-abzal-azigaliev-qazaqstandyqtardy-zankuier-boluga-saqyrdy/