Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи жеңіс: Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алды

Жарияланған күні:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Шорт тректен 500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының А финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абзал финалда венгриялық Шаоан Лю, ресейлік Константин Ивлиев, канадалық Стивен Дюбуа және италиялық Пьетро Сигельмен жарысты.

Нәтижесінде отандасымыз мәре сызығын төртінші болып кесті.

Бұл қашықтықта венгриялық Шаоан Лю Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль ресейлік Константин Ивлиевке бұйырды. Үшінші орынды канадалық атлет Стивен Дюбуа қанағат тұтты.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев шорт тректен Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта финалға шыққан алғашқы спортшы.

Абзал Әжіғалиев туралы не білеміз?

Абзал 1992 жылдың 30 маусым күні Орал қаласында дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2011 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Азия ойындарында командалық сында 5000 метрлік қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

2016 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды. Сонымен қатар 5 шақырымдық эстафетада қола жүлде жеңіп алды.

2017 жылы Алматы қаласында өткен дүниежүзілік қысқы Универсиадада 500 метр қашықтықта күміс медаль алды. Ал 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Қазіргі уақытта халықаралық конькишілер одағының рейтингінде Абзал Әжғалиев 500 метрге жарысатын спортшылар арасында 3 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955894-abzal-azigaliev-beizin-olimpiadasynda-tortinsi-oryn-aldy/