Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасына қатысып, есімі тарихта қалған отандасымыздың нәтижесі қандай

Жарияланған күні:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитет/Владислав Семенов

Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысы бойынша кезекті жарыс өз мәресіне жетті. Өкінішке орай, отандасымыз Шыңғыс Ракпаров жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шыңғыс Ракпаров трамплиннен секіру кезеңінде 38-орыннан көрінді.

Ал шаңғымен жарысу айналымында мәре сызығын 43-болып қиып, бірінші орындағы атлеттен 7:35.2 минут қалып қойды.

Бұл жарыста норвегиялық Йорген Граабак Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль оның отандасы Лураас Офтеброға бұйырды.

Үшінші орынды жапон спортшысы Акито Ватабе қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы болып тарихта қалды.

Ол 1995 жылы 5 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның спорт шебері.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.
  • 2015 жылы АҚШ-та өткен құрлықтық кубок кезеңінің қатысушысы.
  • 2017 жылы Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы универсиаданың қатысушысы.
  • 2017 жылы Ресейдегі құрлықтық Кубок кезеңінің қатысушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956260-beizin-olimpiadasyna-qatysyp-esimi-tarixta-qalgan-otandasymyzdyn-natizesi-qandai/