Әйелдер арасында масс-старт жарысында Бейжің Олимпиадасының финалына шыққан Надежда Морозова қысқы ойындарды қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, финалда үздік 17 спортшы бағын сынады. Ел намысын қорғаған Надежда жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ. Ол масс-стартты он төртінші орынмен аяқтады. Жарыстан соң ол Олимпиада жүлдегеріне атануына не кедергі болғанын айтты.
"Жартылай финалда жақсы өнер көрсеттім. Бәрі жоспарлағанымыздай өтті. Финалда қарсыластарымна ұзап кету деген бір ғана таңдау болды. Өйткені қатысушылардың басым бөлігі спринтерлер. Ал менде спринтте мүмкіндік өте аз. Көбінесе ұзақ қашықтықтарда бақ сынаймын. Десе де озып шығуға әрекет жасап көрдім, алайда олар мүмкіндік берген жоқ. Масс-старт - бұл лоторея", - деп ағынан жарылды Надежда.
Сонымен қатар, конькиші алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.
"Қазақстанға ұшып барғаннан кейін сегіз күндей үзіліс болады. Содан кейін әлем чемпионатына қатысу үшін Норвегияға аттанамыз", - деді Морозова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956937-bir-gana-tandau-boldy-beizinde-finalga-syqqan-sportsymyz-zulde-aluyna-ne-kedergi-bolganyn-aitty/