Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Үндістанның Ченнаи қаласында өткен дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола жүлдеге ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Спорт Шредингера Telegram каналы Жансаяның бірінші тақта жеке есеп бойынша үшінші орын алғанын, ал бірінші тақтада әр елден келген құрама командалардың ең үздік шахматшылары өнер көрсететінін атап өткен.
Осылайша, қазақстандық әйелдер құрамасында:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) - бірінші тақта, 3 орын; Бибісара Асаубаева (18 жаста) - екінші тақта, 4 орын; Ксения Балабаева (17 жаста) - үшінші тақта, 16 орын; Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) - төртінші тақта, 11 орын; Назерке Нұрғали (18 жаста) - бесінші тақта, 8 ойыннан аз өнер көрсеткен.
Әйелдер құрамасы жалпы есепте 5 орынға ие болды.
Ал ерлер құрамасында: Ринат Жұмабаев (33 жаста) - бірінші тақта, үздік 20-ға кіре алмады Әлішер Сүлейменов (22 жаста) - екінші тақта, 13 орын Мүртас Қажғалеев (49 жаста) - үшінші тақта, 8 ойыннан кем өнер көрсетті Арыстанбек Оразаев (24 жаста) - төртінші тақта, 18 орын Қазыбек Нөгербек (18 жаста) - бесінші тақта, 19 орынға іліккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982562-zansaya-abdimalik-duniezuzilik-saxmat-olimpiadasynyn-qola-zuldegeri-atandy/