Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағажай воллейболынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Жарияланған күні:

Воллейбол
Фото: Азия волейбол конфедерациясының сайты

Қазақстанның алғашқы құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спорт дирекциясына сілтеме жасап.

Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін кім мықтыны анықтайды.

Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран 4 құрама қосса, Қазақстан, Аустралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар 3 командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг 2 жұптан аттандырды. Тек Үндістан 1 құрамасына сенім артады.

D тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан 1) ешкімге дес бермей келеді. Олар бүгін Гон Конг (2) құрамасын сенімді жеңді. Есеп: 21:14, 21:15. Кеше Яковлев пен Богату дуэті Австралия (2) волейболшыларын 1:2 (21:17, 21:23, 10:15) ұтты. Ал алғашқы ойында Оманнан басым түсті (15:21, 15:21). Еліміздің алғашқы құрамасы өз тобынан 1-орынмен плей-офқа жолдама алды.

Нұрдос Алдаш пен Кирил Гурин (Қазақстан 2) F тобында Қытай мен Таиландтан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Олар енді Иран (4) жігіттерімен ойнайды.

Ал Қазақстанның 3-құрамасындағы Владислав Пустинников пен Артём Петросянц алғашқы мачта аустралиялықтарға жол бергенімен (2:0), кеше Жапонияның көшбасшы командасынан басым түсті (1:2).

Айта кетейік, сары құрлықтағы көшбасшы Аустралия құрамасы. Олар осыған дейін 5 мәрте чемпион болған. Индонезия 4, Қытай 3, Иран, Катар, Жаңа Зеландия 2 реттен топ жарса, Қазақстан құрамасы 1 рет алтын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1997464-zagazai-volleibolynan-qazaqstan-quramasy-aziya-cempionatynyn-plei-off-kezenine-syqty/