Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталды: Ел намысын қанша спортшы қорғайды

Жарияланған күні:

ауыр атлетика
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталды. Желтоқсанның 16-на дейін 93 мемлекеттен келген 550-ге тарта таңдаулы зілтемірші 20 салмақта (ерлер 10, әйелдер 10) бақ сынасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бәсекеде ел намысын 13 спортшы қорғамақ.

Назарларыңызға спортшыларымыздың өнер көрсететін уақытын ұсынамыз (Астана уақыты бойынша):

  • 7 желтоқсан, 06:00-де – 55 келіге дейін (А тобы) Арли Чонтей;
  • 10 желтоқсан, 01:00-де – 73 келіге дейін (В тобы) Алексей Чуркин, сағат 3:30-да – 67 келіге дейін (А тобы) Анатолий Савельев;
  • 12 желтоқсан, сағат 1:00-де – 89 келіге дейін (В тобы) Асылжан Бектай, Денис Уланов; сағат 3:30-да – 81 келіге дейін (А тобы) Еламан Сейітқазы;
  • 13 желтоқсан, сағат 1:00-де – 96 келіге дейін (В тобы) Әлішер Сейітқазы; сағат 03:30-да – 96 келігедейін (А тобы) Нұрғиса Әділетұлы;
  • 14 желтоқсан, сағат 01:00-де – 76 келіге дейін (В тобы) Арай Нұрлыбекова; 06:00-де – 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов;
  • 14 желтоқсан, сағат 22.30-да – 81 келіге дейін (С тобы) Айша Омарова; 87 келіге дейін (В тобы) Айым Есжанова;
  • 15 желтоқсан, сағат 22:30-да – 87+ келі (В тобы) Любовь Ковальчук:

Айта кетейік, Әлем чемпионатында Париж Олимпиадасына берілетін жолдамалар сарапқа салынады.

Бастапқыда бұл біріншілік Қытайдың Чунцин қаласында өтуі керек болғанымен, пандемияға байланысты аталған жоспар өзгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000236-auyr-atletikadan-alem-cempionaty-bastaldy-el-namysyn-qansa-sportsy-qorgaidy/