15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
"Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім", - деді Омарханов.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.
Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда Ресей спортшылары Зоя Левина - Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008161-qazaqstandyq-tennissi-algas-ret-itf-juniors-turnirinin-cempiony-atandy/