14 жасар қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Испанияның Барселона қаласында өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Томирис Нұржан халықаралық турнирдің финалында жергілікті теннисшімен шеберлік байқасып, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Осылайша, отандық жас спортшы Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің жеңімпазы атанды.
Марапттау рәсіміне Каталония мэрі қатысып, Томирис Нұржанды құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008387-qazaqstandyq-tennissi-barselonada-otken-xalyqaralyq-turnirde-zenimpaz-atandy/