Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкпар тартып, ат баптайтын түркістандық әйел туралы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

жылқы
Фото: Отырар арнасы

Түркістан облысы Созақ ауданында көкпар тартып, бәйгеге қатысатын шабандоз әйел тұрады. Алты баланың анасы жастайынан "аттың құлағында ойнайды", деп жазады Отырар арнасы.

Адолат Алтешова ат баптап, көкпар тартып, бәйгеге қатысады. Жастайынан ат жарысынан қалмайтын тәжірибелі атбегі әйел талай тартысты додада жүлде де алған. 13 жасында алғаш рет аудан бойынша өткен бәйгеде мәрені бірінші болып кескен.

Телеарна мәліметінше, Созақ ауданының тұрғыны бүгінде 6 баланың анасы.

"Мен шешемнің ішінде жатып атқа мінгенмін десем болады. Туғаннан кейін әкем алдына мінгізіп, төрт жасқа дейін атқа үйретті. 5 жастан бастап, өзім міндім. Содан бері қазірге дейін жылқымен айналысамыз. Шешеміз өле-өлгенше атқа мініп кетті. Әкеміз шабандоз, көкпаршы болған", - деді Адолат Алтешова.

Талай көкпардан тақымы майланып қайтқан әйел тек кейінгі кезде жүйріктер сынына қатысуға рұқсат берілмей жүргенін жеткізді.

"Баяғыдан бері ешкім бетімді қайтарған емес. Жақында көкпар болды. Сол кезде мені "әйел адам болмайды араласуға" деп шығарып тастады", - деді ол.

Адолат Алтешованың сөзінше, күйеуі көкпар тартып, жарыстарға қатысқанына еш қарсы емес.

Қазіргі уақытта ол Созақ ауылы маңынан жылқы фермасын ашып, көкпар аттарын баптаумен айналысады.

"Жасыратыны жоқ барлық жағынан ұнаттым. Алланың қалауымен отбасын құрдық. Күйеуіне деген сый құрметі бар. Барлығы Алланың қалауы ғой, атқа, жылқыға құмар. Мен де құмармын. Бала шағамыз да қызығады. Мен үшін бұл қуаныш", - деді шабандоз әйелдің күйеуі Халық Абишев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008453-kokpar-tartyp-at-baptaityn-turkistandyq-aiel-turaly-ne-bilemiz-video/