Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты

Жарияланған күні:

теннис
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгі спортшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Ерасыл Ерділдә үздік жүздікке жақындады. Қазіргі уақытта ол 105-орында тұр.

Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Зацепин 209-сатыға жайғасқан.

Жуырда Қарағандыда өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жастағы Әмір Омарханов 345-тен 269-ға көтерілді.

Сондай-ақ Ілияс Маратұлы 308 (+55), Ерасыл Бақтияр 875 (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орында келеді.

Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008734-qazaqstandyq-zas-tennissiler-alemdik-reitingtegi-oryndaryn-zaqsartty/