"Атырау" футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Аллеф Родригес ресейлік "Волга" клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бразилиялық ойыншының жаңа командасы Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсетеді. Аталған клуб 20 ойында 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында келеді.
Еске сала кетейік, Аллеф 2021 жылғы маусымда "Атырау" намысын қорғады. Ол "мұнайшылар" сапында жеті ойын өткізіп, екі гол соққан.
Алайда маусым басында ауыр жарақат алып, отаны бастан өткерді. Кейін сальмонеллезбен ауырып, комаға түскен болатын.
Соңғы жарты жылда футболшы ешбір клубта ойнаған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009415-komaga-tusken-atyraudyn-buryngy-oiynsysy-reseilik-komandaga-auysyp-ketti/
Пікірлер жүктелуде