Спорттық гимнастикадан үш дүркін әлем чемпионы, 1992 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Оксана Чусовитина 47 жасында тағы да әлемдік жарыстан жүлде алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өзбекстандық спортшы жасы елуге жақындағанына қарамастан, әлі де бабында. Ол сегіз Олимпиадаға қатысқан, оның ішінде бір рет жеңіске жеткен.
Оксана жақында Германияда өткен әлем кубогі кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қол тіреп секіруден 12,866 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреген.
Бұл бәсекеде 16 жастағы италиялық Манила Эспозито жеңіске жетсе, күміс медальді 2007 жылы туылған германиялық Руби Эван жеңіп алды.
Оксана Чусовитина Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтайтынын айтқан. Алайда биылғы маусымда әлемдік жарыстарға қайта оралып, өзінен отыз жас кіші спортшылармен бірге жүлдеге таласып жүр.
Оксана спорттық гимнастикадан үш дүркін әлем чемпионы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011905-47-zastagy-ozbekstandyq-aiel-ozinen-otyz-zas-kisi-sportsylarmen-zarysyp-uzdikter-qataryna-endi/