Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық бапкер шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша таппай, рэп оқуға мәжбүр болды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлан Тайжанов балаларын Азия чемпионатына апару үшін көмек сұрауда
Нұрлан Тайжанов. Фото: YouTube/Girevoy_Barvinok

Қостанай облысы Сарыкөл ауданында Барвинов ауылының тұрғыны, бапкер Нұрлан Тайжанов шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін жаңа қадамға барды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол гір тасын көтеруден шәкірт тәрбиелеп жүр. Бұл жұмысты бастағанына да біраз болған. 13 жылдан бері ауыл спорт көтеремін деп жан ұшыруда. Соның ішінде соңғы алты жылын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арнаған. Бүгінде Нұрланның қарамағында отыз оқушы жаттығады.

Азия чемпионаты мамыр айының алғашқы аптасында өтеді. Бапкер балалардың жол шығынына ақша таппай, қиналуда. Себебі балаларын жарысқа жіберетін жол қаражатын ата-аналардың қалтасы көтермейді.

Бапкердің айтуынша, бір баланың барып-қайтуына кемінде 250 мың теңге қажет. Енді ол балаларды жарыстан қалдырмау үшін кредит алуды да ойлап жүр.

"Астанадағы Қазақстан біріншілігінде екі алтын, екі күміс, бір қола медаль жеңіп алдық. Наурыз айының соңында тағы үш алтын, бір күміс медальға ие болдық. Оқушыларым аудан, облыс құрамаларына үнемі ілігіп жүр. Сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына да шақырту алады. Енді Азия чемпионатына бару үшін жол қаражаты қажет", -дейді Нұрлан Тайжанов.

Нұрлан жыл сайын шәкірттерін жарысқа апару үшін ақша іздей беруден шаршаған. Бұған дейін ауыл халқы, меценаттар көмектесіп келіпті. Егер осылай жалғаса берсе, балаларды жаттықтыруға деген ынта-жігер кетіп қалатынын айтады. Барлық ресурсын жұмсап болған Нұрлан Тайжанов осы жолы креативті видео түсіруді қолға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017866-qostanailyq-bapker-sakirtterin-zarysqa-aparu-usin-aqsa-tappai-rep-oquga-mazbur-boldy-video/