Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті: Асхат Оралов еліміздегі бірқатар мәселені көтерді

Жарияланған күні:

Асхат Оралов
Асхат Оралов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәдение және спорт министрі Асхат Оралов Facebook желісіндегі парақшасында бірқатар мәселені көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Азаматтарды қабылдау өткізіп, қолдауымызды қажет ететін мәселелерді, ұсыныс-тілектер мен бастамаларды тыңдадым.

Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алтын медалін жеңіп алған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездестім. Кейбір түсініспеушілікке байланысты чемпионымыздың жеңісі оның кейінгі ісімен байланысты көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті.

Спортшымен және Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесіп, бәрін көзбе-көз талқылағанымыз пайдалы болды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін осы мәселеге байланысты жұмыс тобын құруды шештім.

Сондай-ақ, қабылдау кезінде елдегі парахоккейдің дамуына қатысты да сұрақтар көтерілді. Атап айтқанда, елімізде осы спорт түрінен әлем чемпионатын өткізу. Кәсіпкерлер мен парахоккей Федерациясының өкілдері турнир өткізуге арналған алаң қажет екенін айтты.

Мен бұл сұрақты бақылауыма алдым. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырушыларға қолдау көрсетуге, оның ішінде ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.

Азаматтармен кездесу барысында көрнекті мәдениет қайраткерлеріне құрметті атақтар беру туралы да сөз қозғалды. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мәселе өзекті және кезең-кезеңімен шешілетін болады. Себебі, елімізде құрметті атаққа лайықты артистер, суретшілер мен музыканттар аз емес.

Кездесуде тағы бір мәселе қазақстандық аниматорларды қолдау, отандық анимацияны дамыту бойынша ұсыныстар және киножобалардың питчинг рәсімін қайта қарау тақырыбы көтерілді.

Мен еіліміздің мәдениеті, спорты және туризм мәселелеріне алаңдаушылық танытатын азаматтармен кездесуді жалғастырмын және өңірлерге де барып, барлық ұсыныс-тілектер мен мәселелерді зерттейтін боламын", - деді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2018387-kolenkede-qalyp-qoigany-okinisti-asxat-oralov-elimizdegi-birqatar-maseleni-koterdi/