Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің олимпиадасының жүлдегері Асхат Жіткеев лауазымды қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Асхат Жіткеев
Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық қызметке тағайындалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация мәліметінше, 26 сәуірде Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өткен.

Конгресске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты.

Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды.

Айта кетейік, Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Сондай-ақ IJF Continental құрлықтық дәрежедегі төреші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2018418-beizin-olimpiadasynyn-zuldegeri-asxat-zitkeev-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/