2020 жылдан бастап 2023 жылдың мамырына дейін Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры балаларды салауатты өмір салтына баулуға және олардың толыққанды дамуына үлес қосу мақсатында Қазақстанда бірнеше қайырымдылық бағдарламалар мен спорттық жобаларды жүзеге асырды.
Еліміздің 5 қаласынан 300 бала қордың іс-шараларына тұрақты түрде тартылып отырды. Қор қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларына, жетім балаларға, қамқоршылыққа алынған балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөліп келді.
"Біздің міндетіміз – қоғамда салауатты өмір салты мәдениетін көтеру, оң әдеттерді қалыптастыру және спорттан қол үзіп қалған балалардың үмітін жалғап, қайта оралуға мүмкіндік беру. Бірінші кезекте, біздің жобаларымыз қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға бағытталған. Біз балалар өмірінде жаттықтырушының маңызы мен оның беретін оң әсеріне ерекше көңіл бөлуге тырыстық. Елде жүйелі түрде жұмыс жасап, спортты балалар өмірін оңтайлы өзгерту бағытында пайдаланған алғашқы ұйым бола алғандығымызды мақтан тұтамыз", – дейді Parimatch Foundation қорының Қазақстандағы жоба менеджері Инга Қайыржан.
Parimatch Foundation қорының Қазақстандағы жұмысының нәтижелері
Қор барлық балаларға спорттың әр түрімен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік берді. Интернат балаларына сырт алаңдардағы турнирлерге қатысуға жағдай жасалды, осы арқылы олар ортаға бейімделудің тағы бір мүмкіндігіне ие болды. Есту қабілеті бұзылған балалар үшін ашық футбол және хоккей жаттығулары жиі ұйымдастырылып отырды. Сондай-ақ танымал спортшылармен мотивациялық кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, қор оқу орындарын спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, материалдық-техникалық базаны жақсарту арқылы көмек көрсетіп келді. Балалар хоспистерінің қажеттіліктерін ескере отырып, Parimatch Foundation қоры Шымкент және Алматы қалаларындағы балалар ойын бөлмелерін корнхол ойынына арналған жинақтармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ М.Островский атындағы №4 зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатына голбол және футболға арналған құрал-жабдықтары мен ойын жиынтықтарын табыстады.
Жалпы алғанда, 2020 жылдан бастап 2023 жылдың мамырына дейін қор жұмысының арқасында Қазақстанда келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- 279 бала қор бағдарламасы аясында тұрақты түрде спортпен шұғылданды;
- 15 серіктес ұйымның ат салысуымен бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылды;
- 5 жаттықтырушы футбол, кикбоксинг, баскетбол, хоккей және голбол бойынша балаларды жаттықтырды;
- 18 спорттық жобалар мен бағдарламалық бастамалар қолға алынды;
- 18 турнир өткізілді;
- 5 қала – Алматы, Қостанай, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау қор бағдарламаларына қатысты.
Қор ұжымы Қазақстандағы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ат салысқан бапкерлер мен барлық серіктестерге алғыс білдіреді.
Өкінішке орай, Parimatch Foundation қорының Қазақстандағы жұмысы әзірге осымен тәмам, бірақ қор ұжымының бастамасымен қолға алынған игі істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Әлеуметтік тұрғыдан белсенді бизнес өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің назары балаларды спорт арқылы дамытуға, жалпы еліміздегі спортқа бағытталады деген үміттеміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021916-parimatch-foundation-2-zyldyn-isinde-qazaqstandagy-balalar-sportyna-qalai-aser-etti/