Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай кезде ойнау ауыр": Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жалғастырудан неге бас тартқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді.

Алайда бүгін ол жарыс жолына шықпай қалған. Мұның себебін Елена Рыбакина арнайы баспасөз мәслихатында түсіндірген.

"Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай. Мұндай кезде ойнау ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Қызу, бас ауруы әрі нашар ұйықтадым. Мұның белгілерін екінші айналымнан кейін сезіне бастадым. Сөйтіп жолым болмады. Көгал төсенішінде өтетін маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын", - дейді теннисші.

Айта кетейік, осылайша, Ролан Гаррос турнирінде жекелей сында ерлер арасында да, әйелдер арасында Қазақстан өкілдері қалған жоқ.

Кеше, 2 маусымда Юлия Путинцева АҚШ чемпионына жол беріп, турнирден шығып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023255-ozimdi-zaisyz-sezindim-elena-rybakina-rolan-garros-matcyna-nege-syqpaganyn-tusindirdi/