Францияда теннистен "Ролан Гаррос" турнирі аяқталды. Ерлер арасындағы сында сербиялық Новак Джокович топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Джокович финалда норвегиялық Каспер Руудпен кездесіп, 7:6 (7:1), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Новак "Ролан Гаррос" турниріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал өз мансабында ол "Үлкен Дулыға" турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы атанып, тарихи нәтиже тіркеп отыр.
36 жастағы Джокович "Үлкен Дулыға" турниріндегі ең алғашқы жеңісіне 2008 жылы қол жеткізген. Сол жылы теннисші Australian Open турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Австралия ашық біріншілігінде Новак жалпы есебі он рет топ жарған. "Уимблдон" турнирінде жеті рет чемпион атанса, Франция және Америка ашық біріншіліктерінде үш реттен бас жүлдені иемденген.
Новак Джокович үздіктер көшінде 23 рет жеңіске жетіп, көш бастады. Екінші орында испандық Рафаэль Надаль (22 жеңіс), үшінші сатыда швейцариялық Роджер Федерер (20 жеңіс) орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024304-aigili-novak-dzokovic-ulken-dulyga-turnirinde-23-ret-zeniske-zetip-rekord-tirkedi/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.