Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас гимнаст әлем чемпионымен бірге жеңіс тұғырына көтерілді

Жарияланған күні:

Эмиль Ахмеджанов әлем кубогінің қола медалімен
Эмиль Ахмеджанов. Фото: instagram/drs_kz

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық гимнаст Эмиль Ахмеджанов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Эмиль қол тіреп секіру жаттығуы бойынша үшінші орынға көтерілді. Төрешілер оған 14,283 ұпай берген.

Бұл сында алтын медальді 15,035 ұпаймен 2022 жылғы әлем чемпионы, армениялық Артур Давтян иеленді. Күмісті бразилиялық Кайо Соуза еншіледі.

Айта кетелік, бұл Эмильдің әлемдік жарыстарда жеңіп алған екінші жүлдесі. Бұған дейін Болгарияның Варна қаласында өткен әлем кубогінде Ахмеджанов еркін жаттығу бойынша үздік үштікке енген болатын.

Әлем кубогінің келесі кезеңдерін Мерсин, Сомбатхей және Париж қалалары қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024306-qazaqstandyq-zas-gimnast-alem-cempionymen-birge-zenis-tugyryna-koterildi/