Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

Жарияланған күні:

Михаил Кукушкин
Михаил Кукушкин. Фото: Dean Mouhtaropoulos/Getty Images

Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 187-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. 

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәттірек ойнады. Есеп: 7:6 (10:8).

Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады (7:6) (7:0).

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді (6:4).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024398-otandyq-tennissi-aqs-tagy-turnirdin-finalynda-utylyp-qaldy/