Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің келесі кезеңіне шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Отандық теннисші Пальмес дель Мар челленджер турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 242-орында тұрған Жапония өкілі Юта Шимизумен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен ойында қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч бір сағат жиырма минутқа жалғасты.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің екінші айналымына шықты.
Енді қазақстандық ширек финалға шығу үшін америкалық Эван Чжу немесе норвегиялық Виктор Дурасовичтің біреуімен матч өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024599-beibit-zuqaev-puerto-rikodagy-turnirdin-kelesi-kezenine-syqty/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.