Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Дүниежүзілік рейтингте 256-орында тұрған отандық теннисші екінші айналымда америкалық Эван Чжумен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен ойында Бейбіт Жұқаев әлемнің 340-ракеткасын 6:4, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
Матч үш сағатқа жуық уақытқа жалғасты.
Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 617-сатыға жайғасқан Канада өкілі Лиам Драксльмен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024854-otandyq-tennissi-us-sagatqa-zuyq-matc-otkizip-puerto-rikodagy-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/
Пікірлер жүктелуде