Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы құрлық біріншілігі аяқталды. Аталған сында Ризабек Айтмұхан екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек Айтмұхан екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Ол турнир барысында Үндістан, Түркменстан, Моңғолия балуандарын ұтып, финалда қырғыз спортшысы Стамбул Жәнібекұлын 11:0 есебімен жеңді.
Ризабек биыл ересектер арасындағы Азия біріншілігінде де бақ сынаған болатын.
Жарыс аяқталған соң балуанның анасымен отсап арқылы тілдесіп, өзінің чемпион атанған сәтін хабарлағаны туралы видео таралды. Бұл жанкүйерлердің ерекше ілтипатын тудырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025376-mama-men-cempionmyn-aziya-birinsiliginde-top-zargan-qazaq-balasynyn-anasymen-tildesken-sati-tarady-video/