Ұлыбританияда өтіп жатқан теннистен "Уимблдон-2023" турнирінің 1/16 финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның қарсыласы британдық Кэти Боултер болды.
Рыбакина қарсыласын жеңу үшін екі сет қажет болды. Оның үстіне қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 56 минутқа созылды.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
1/8 финалдағы Елена Рыбакинаның қарсыласы - WTA әлемдік рейтингінде 13-ші орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027920-uimbldon-2023-elena-rybakina-18-finalyna-otti/