Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияда өтіп жатқан "Уимблдон-2023" турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
1/8 финалда Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 13-орында тұрған бразилиялық теннисші Беатрис-Хаддад Майямен бақ сынасты.
Матч толық емес бір сетке созылды. Есеп 4:1 болып, қазақстандық теннисші ұпай жағынан алда келе жатқанда оның қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұған Майяның жарақаты себеп болды.
Осылайша, Елена Рыбакина техникалық жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын "Уимблдонның" 1/4 финалына жолдама алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028093-elena-rybakina-uimbldonnyn-14-finalyna-merziminen-buryn-otti/