Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы Азия ойындары: Қазақстанның туын Шымбергенов пен Дубовицкая алып шығады

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкая
Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкая. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның туын ұстайтын атлеттер анықталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шығады.

Асланбек Шымбергенов 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасы саналатын додаға 45 мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде.

Айта кетелік, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан байрағын Әбілхан Аманқұл алып шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032881-zazgy-aziya-oiyndary-qazaqstannyn-tuyn-kimder-alyp-sygady/