Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бірінші лицензияға иелік етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Елена Потапенко алғашқы бестікке енді.
Бұл бәсекеде чемпиондық атақты қытайлық спортшы иеленсе, күмісті Оңтүстік Корея, қоланы тағы бір Қытай спортшысы еншіледі.
Осы нәтижесі арқылы ол Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр.
Қазіргі бессайыстан алғашқы бестікке енген спортшыларға 2024 жылғы Олимпиада ойындарының лицензиясы беріледі.
Осылайша, жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жолдама қоржынға түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037859-aziya-oiyndary-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasy-qorzynga-tusti/