Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Уваров ауыр атлетикадан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Александр Уваров
Александр Уваров. Фото: Турлыжан Айтенов

Бүгін, 4 қазан күні ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық зілтемірші Александр Уваров 81 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді.

Спорттың бұл түрінде еліміздің атынан Александр Уваров пен Еламан Сейтқазы өнер көрсетті. Александр Уваров қол медаьға қол жеткізді. Қоссайыс бойынша ол 348 (154+194) келіні бағындырды. Еламан Сейтқазы 343 (154+189) келіні көтеріп, төртінші орынға табан тіреді.

Солтүстік Кореядан келген Чонгсон Ри Азия ойындарында 364 (169+195) келіні көтеріп, рекорд жаңартып, алтын медальға ие болды. 351 (159+192) келіні бағындарған Өзбекстаннан келген зілтемірші Мухаммадқодир Тоштемиров Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 51 медаль бар. Біздің спортшылар бес алтын, 11 күміс және 35 қола медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039579-aleksandr-uvarov-auyr-atletikadan-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/