Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы тоғыз жылдың ішінде бірінші рет Гран-при кезеңінде медаль иегері болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Михаил Шайдаров
Михаил Шайдаров. Фото: GEOFF ROBINS/Getty Images

Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның қазіргі чемпионы Михаил Шайдоров Қытайда Чунцин қаласында өтіп жатқан халықаралық Гран-при сериясының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенбіде мәнерлеп сырғанаушылар өздерінің еркін түрдегі өнер бағдарламасын паш етті. Шайдоров мәнерлеп сырғанау кезінде бес ультра-cи элементін таза орындады: төрттік лутц, екі рет орындалған төрт мәртелі тулуп (біреуі үштік тулуптың каскадында орындалған) және екі үштік аксель (біреуі екілік аксельмен қоса орындалған). 19 жастағы спортшы 174,52 балл алып, жалпы 264,46 балл жинады. Осылайша қазақстандық спортшы жеке рекордын жаңартты.

Шайдоров екі бағдарлама бойынша жалпы есепте нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Ол тек қазіргі Еуропа және әлем чемпиондары атанған франциялық Адам Сяо Хим Фа мен (алтын) жапондық Сема Уноға (күміс) есе жіберген. Бұған дейін Алматы тумасы Канадада өткен кезеңде бесінші орынды иемденген болатын.

Қазақстан үшін бұл Гран-при сериясы тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін бұл жетістікке мәнерлеп сырғанаудан 2014/15 маусымында Францияда қола жүлдегер атанған Денис Тен ғана қол жеткізген еді. Ал екі жылдан кейін Денис Тен Гран-при сериясында күміс медалін қоржынына салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2045279-qazaqstandyq-manerlep-syrganausy-togyz-zyldyn-isinde-birinsi-ret-gran-pri-kezeninde-medal-iegeri-boldy/